KDC Repair & Tool Shop

Өндіру

Болаттан жасалған және матрицалы PDC бұрғылау қашаулары

Жөндеу

Болаттан жасалған және матрицалы PDC бұрғылау қашаулары

Инспекция жүргізу

PDC бұрғылау қашауларыңызды алдағыда жөндеу үшін

Өнімдер

Бұрғылау қашаулары мен бұрғыбастарының үлкен сұрыпталымы

Компания туралы

KDC Repair & Tool Shop LLP, Орталық Азияда PDC алмас қашауларын өндіру және жөндеу бойынша бірден-бір, алғашқы компания.

Қазақстандағы PDC қашауларының алғашқы лицензияланған және сертификатталған өндірушісі.

Компания 2007 жылы Алматы қаласында PDC бұрғылау қашаулары мен басқа да бұрғылау жабдықтарын жөндеу цехы ретінде құрылған болатын. Біз өзіміздің цехымызда кез келген өндірушінің болаттан жасалған және матрицалы денеге ие PDC қашауларын, сондай-ақ жынысөзек қашауларын жаңа күйге дейін жөндейміз.

2009 жылы компания PDC қашауларын өндіру үшін өзінің жөндеу цехын түрлендірді.
Біз, бағалардың икемді құрылымдары бойынша өзіміз әзірлеген KDC бұрғылау қашауларын ұсынамыз. Қазіргі таңда біз Қазақстандағы PDC бұрғылау қашауларының негізгі өндірушілерінің бірі болып саналамыз.

Біздің жоғары білікті мамандарымыз АҚШ-на барып, PDC қашауларын өндіру және жөндеу бойынша мол тәжірибеге ие болып келетін ірі компанияда оқыды. Біздің цехымыз жергілікті және Батыстық сапалы жабдықтарымен қамтылғандықтан, өндіру мен жөндеудің үздік сапасын қамтамасыз ете алады. Біз жетекші әлемдік жеткізушілердің кескілерін қолдана отырып, жеке шешімдерді ұсынамыз.

PDC бұрғылау қашауларыңызды жөндеу үшін біздің компаниямызды таңдай отырып, Сіз келесі артықшылықтарға ие боласыз:

  • Тартымды баға (жаңа қашаудың бағасынан шамамен 30%)
  • Тасымалдау шығынын қысқарту
  • Импорттық және экспорттық кедендік ресмиліктер және баждар жоқ
  • Өте жақсы қызмет көрсету
  • Жергілікті қамту

Қандай да бір сұрақтарыңыз туындаса немесе цехымыздың жұмысын қарағыңыз келсе, бізбен хабарласуыңызды сұраймыз.

Құрметпен,
Йос Хьюзинг
Бас Директор
KDC Repair & Tool Shop LLP

pdc bit
50419219