Қашаулар цехқа келіп түскен соң, инспекция және жөндеу үдерісі басталады. Бұрғылау ерітіндісі мен майлау, арнайы жасалған жуғыш машинада жоғары температурадағы су мен жуғыш құралдардың қоспасында жойылатын болады.
Тазарту үдерісіндегі келесі қадам үшін құмағызғыш аппарат қолданылады. Бөлшектердің ұсақ фракциясы қалған ластануды жою үшін жоғары қысыммен беріледі. Тазарту үдерісінен кейін барлық ластануларды жинап алып, кәдеге жарату үшін қайта өңдейді немесе мамандандырылған компаниялар жинап алады.
Енді қашау инспекцияға дайын. Қашаудың әрбір бөлігі үшін егжей-тегжейлі есеп-қисап дайындалады. Тапсырыс беруші жөндеу үшін бағаламасы бар, инспекция туралы егжей-тегжейлі есеп-қисап алады. Біз әртүрлі бұрғылау құрал-жабдықтары мен қашаулардың әртүрлі типтері үшін кескілердің әртүрлі типтерін ұсынамыз. Қашауды тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес жөндеу үшін, осы сатыда тапсырыс берушінің тарапынан өзара әрекеттестік аса маңызды.
Тапсырыс берушінің келісімін алған соң, жөндеу үдерісі басталады. Бүлінген кескілер жойылып, жаңасына ауыстырылады. Сондай-ақ, қашаулардың корпустары жөнделеді, бұл үдерістің барысында қатты қорытпаның балқыма қаптамасы да қолданылады. Дәнекерлеу үдерісінен кейін, келесі үдерістің алдында қашауларды салқындатады.
Бұл жөндеудің соңғы үдерісі. Дәнекерлеу кезінде қашауда қалуы мүмкін барлық бөлшектерді жою үшін, қашауды өңдейді, қайрайды және тегістейді.
Қашауды жөндеу үдерісін аяқтаған соң, қашаудың сапасын түпкілікті бақылау үшін, қашау тексеріледі болады.
Соңғы саты ретінде, қашау цехтан алып шығарылар алдында, боялып қапталатын болады. Сондай-ақ, бұрғылау орнына немесе тапсырыс берушінің қоймасына кері тасымалдау ұйымдастырылуы мүмкін.