Қашауларды өндіру

KDC қашаулары - құрылыстың жоғары сапасын және ең жоғары ТЭК-ге жетуді қамтамасыз ететін болаттан жасалған және матрицалы жоғары өнімді қашаулар.

KDC Repair & Tool Shop LLP мұнай-газ және тау-кен қазу өнеркәсібі үшін өзі әзірлеген PDC бұрғылау қашауларын өндіреді. PDC қашаулары жоғары технологияларды қолдана отырып әзірленген және үздік техникалық сипаттамаларға ие.

PDC қашауларының дизайны
  • Барлық қашаулардың дизайны жүктеме бойынша теңдестірілген
  • Компьютерлік 3D үлгілеу
  • Стандартты дизайнға ие және тапсырыс бойынша
pdc bits design
Матрицалы PDC қашаулары
  • Эрозия мен түрпіліктен қорғау дәрежесін арттыру үшін сыни жерлерде карбид вольфрам тозаңдату
  • Шаблондық бөлігі қызуға төзімді поликристалды алмас кескілерімен (TSP) қамтылған
  • Қашаудың екі құрамды корпусы бар, оның бұрандалы бөлігі API стандарты бойынша 4140 маркалы болат қорытпасынан жасалған
  • Нақты бір жағдай үшін, TFA реттеуге арналған алмалы-салмалы гидромониторлық саптамалар
  • Түрлі өлшемдерді және әртүрлі дизайндарды қамтиды
matrix pdc bits
Болаттан жасалған PDC қашаулары
  • Қашаудың қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған карбид вольфрам арқылы қалайылау
  • Қашаудың екі құрамды корпусы 4140 маркалы болаттан құралған және қашаудың корпусына кіріктірілген болат “тәжді” қамтиды
  • Нақты бір жағдай үшін, TFA реттеуге арналған алмалы-салмалы гидромониторлық саптамалар
  • Болат “тәжді” және қашаудың корпусын жасау үшін СББ бар білдек қолданылады
steel pdc bits
PDC кескілері

KDC Repair & Tool Shop LLP синтетикалық алмастарды өңдеу және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылармен жұмыс істейді, бұл қашауларға премиум-дәрежедегі ең жақсы кескілерді орнатуға мүмкіндік береді.

pdc cutters